Геннадий Головкин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Бұл туралы боксышының желідегі парақшасында жазылды.
«Наурыз құтты болсын! Happy Nauryz to you all!» – дейді Головкин.
Еске сала кетейік, Головкиннің америкалыққа қарсы жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Жекпе-жек 12 раунд бойы жалғасты. Төрешілер шешімімен Геннадий Головкин жеңіске жетті.