jasqazaq.kz

Головкин Альвареспен жекпе-жек өткізу мерзімі жайлы әңгімеледі

02 тамыз 2016, 10:49

20160802092135

WBC, WBO және IBF бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 34 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (35-0) екі салмақ санатындағы бұрынғы әлем чемпионы, 25 жастағы мексикандық боксшы Сауль Альвареспен (47-1-1) жекпе-жек өткізу мерзімі жайлы әңгімеледі, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бұл ақылсыздық. Сауль өзінің командасы мен промоутерін ұятқа қалдырды. Мүмкін, келесі жылы кездесерміз, екі жылдан кейін жекпе-жек өткізуіміз мүмкін. Тіпті үш жылдан кейін де айқасқа түсуіміз бек мүмкін», — деді Головкин.

Сауль Альварес 7 мамыр күні орта салмақта (72,6 келіге дейін) WBC белбеуін сәтті қорғады, алтыншы раундта бірінші орта салмақ бойынша (63,5 келіге дейін) бұрынғы әлем чемпионы Амир Ханды (31-4) нокаутқа жіберді. Айқастан кейін мексикандық боксшы командасы Геннадий Головкин өкілдерімен келіссөздер жүргізе бастады. 24 мамырға дейін қос тарап жекпе-жекті ұйымдастыру жайлы келісімге келуі керек еді.

19 мамырда мексикандық Альварес WBC белбеуінен бас тартты, бірақ Геннадий Головкин командасымен келіссөздер жүргізу жалғасып жатыр. Ең абыройлы төрт атақтың үшіншісін жеңіп алған қазақстандық Головкин WBC санаты бойынша орта салмақта (72,6 келіге дейін) толық құқылы әлем чемпионы атанды.

Golden Boy Promotions басшысының және алты салмақ категориясындағы бұрынғы әлем чемпионы, 43 жастағы американдық Оскар Де Ла Хойяның (39-6) айтуынша, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 2017 жылы болады. Боксшылар командасы өзара ауызша келісімге келген.

Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегінде IBF бойынша жартылай орта салмақтағы (66,7 келіге дейін) әлем чемпионы, 30 жастағы британдық Келл Брукпен (36-0) кездеседі. Кездесу 10 қыркүйек күні Лондондағы О2 аренасында өтеді. Сауль Альварес 17 қыркүйек күні Техаста (АҚШ) WBO бойынша алғашқы жартылай салмақта (69,85 келіге дейін) әлем чемпионы, 27 жастағы британдық Лиам Смитке (23-0-1) қарсы рингке шығады.

 

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде