jasqazaq.kz

Гипноздап, басын айналдырған: емші науқастарға миллиондап несие алдырған (Видео)

24 сәуiр 2025, 10:16

Ақтөбеде алдына ем іздеп келген 100-ге жуық адамды алдаған емшіге қатысты сот басталды. Іс материалдары бойынша, Сұлушаш есімімен өңірге танымал келіншек науқастарға миллиондап несие алдырған. Қызығы сол, алданғандар қалай басы айналып қалғанын білмейді, — деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сільеме жасап.

Емшіге қатысты алғашқы сот процесіне келушілер көп болды. 95 адам жәбірленуші деп танылған. Ең қызығы, оның ішінде емшінің ет жақын туыстары да, сыныптастары мен ауылдастары да бар. «Дем саламын» деп, бәрінің басын айналдырған. Жәбірленушілер гипнозда жүргендей күй кештік, несиені қалай алып, қолма-қол қалай санап бергенімізді білмей қалдық деп отыр. Халық емшісінің келтірген жалпы шығын көлемі 406 миллион теңгеден асады.

Гүлназым Әлиева, мемлекеттік айыптаушы: — Өзіңе ем алуға келген тұтынушыларға әр түрлі банктен несие алып беруін өтініп, алып берген ақша қаражатын екі ай ішінде толық жауып бере алатын мүмкіндігі бар екенін айтып, сеніміне кіріп, бұның заңмен қуаланатын іс-әрекет екенін біле тұра, қасақана, тікелей пайдакүнем ниетімен алаяқтық, екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау, яғни сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікті иемдену арқылы, алаяқтық жасау арқылы ауыр дәрежелі қылмыс жасаған.

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды