jasqazaq.kz

Геннадий Головкин – “бокс королі” атанды

25 наурыз 2017, 11:03

Геннадий Головкин – “бокс королі” атанды. Қазақстандық спортшыға мұндай атақты беделді америкалық ESPN.com сайты берді. Бұл рейтинг әлемдегі барлық салмақтағы боксшылар арасында жасалған. Сөйтіп, жүздеген спортшының ішінде Головкин үздік деп танылыпты.

Орта салмақтағы әлем чемпионының бірінші орында тұруының жөні бар. Өйткені, Головкин бокстан 37 жекпе-жекке шығып үлгерген. Және соның бәрінде жеңісті бермей келеді. Әрі ол қолғап түйістірген 33 қарсыласын нокаутқа жіберген.

Stan.kz хабарлағандай,  Головкиннің кезекті жекпе-жегі жуырда ғана өткен болатын. 19-ыншы наурызда жерлесіміз Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобспен күш сынасты. Сөйтіп, қазылардың шешімімен қазақстандық боксшы тағы да жеңіске жетті. Десе де, бұл жолы жекпе-жек тым ұзаққа созылды. Бұл Головкиннің кәсіпқой бокстағы 12-інші раундқа дейін созылған алғашқы жекпе-жегі болатын.

Айта кетсек, «бокс королі» бірнеше ай бұрын Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Ол мұндай құрметке орта салмақтағы ең үздік нокаутшы ретінде ие болды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде