jasqazaq.kz

Геннадий Головкин Алматыдағы бокс кешіне келмейді

21 қыркүйек 2016, 12:38

image_l

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA, IBF IBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына отандасымыз Геннадий Головкин Алматыдағы бокскешіне келмейді. Бұл туралы боксшының менеджеріне сілтеме жасап vesti.kz сайты хабарлады.

— Головкиннің Алматыдағы бокс кешіне келуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл о бастан оның жоспарына кірмеген, — дейді Олег Герман.

Оның айтуынша, Геннадий Головкиннің командасы Алматыға келу туралы ақпарат таратпаған. Қазіргі таңда боксшы отбасымен АҚШ-та демалысын өткізуде.

Алматыдағы бокс кешін ұйымдастырушы «Tiger Promoution» компаниясының промоутері Рустам Абдусаламов боксшының бұл кешке келуге ауызша келісім бергенін айтты.

— Біз Геннадий Головкинге Алматыдағы бокс кешінің құрметті қонағы болуға шақырту жібердік. Осы кештегі басты жекпе-жекке шығатын бірінші ауыр салмақта IBO тұжырымы бойынша құрлықтық чемпиондық атаққа ие, «Global Boxing Council» нұсқасы бойынша әлем чемпионы Иса Ақбербаевпен телефон арқылы сөйлескенде, GGG келетінін айтты, — деді Рустам Абдусаламов.

Айта кетейік, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешеніндегі үлкен бокс кеші 24 қыркүйек күні өтеді. Бұл шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдық мерекесіне арналып отыр. Бокс кешінің басты жекпе-жегі бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев пен неміс Майк Курцвейл арасында өтеді.

massaget.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде