jasqazaq.kz

Ғажайып крем қалтаны қақты

26 қараша 2024, 14:17


Тапа-тал түсте ақшаңды қағып алатын алаяқ көп бүгінде. Соның бірі – түкке тұрмайтын тауарды сатып алуға көндіру. 90-жылдардан бастау алатын ұялы маркетингке сенетіндер әлі бар екен. Жуырда бір танысым қалай алданғанын айтып, мұңын шақты.

Бижамал апай (есімі өзгертілді — ред.) Алматыдағы базардың бірінде саудамен айналысады. Бір күні таныс құрбысы «ерекше» кремді өлгенше мақтап, 1-2 қорабын ұстатып кетіпті. Әлгі крем бүкіл аурудың бәрін емдейді екен-мыс. Басың ауырса да, ішің өтсе де бір жағып жіберсең, құлан-таза айықтырып жібереді екен! Апайымыз кремнен алып жағып жүреді. Құрбысы келесі келгенде «ақшаның астында қаласың» деп, әлгі кремді саудалайтын компанияға тіркейді. Тегін емес. Бір кіргенде 60-70 мыңға компанияның тауарын алып тіркелу керек. Әлгі кремнің ғажап қасиетіне сенген әпкеміз тіркеле салады. Компания өкілдері крем саудасынан миллиондап қаржы табуға болатынына сендіріп, құлақтан қаға берген ғой. Апайымыз бонус үшін 70 мыңнан бірнеше рет тауар алады. Өзімен қоймай, бала-шағасын, немерелерін тіркейді. Ақырында он шақты қорап кремді не сата алмай, не салған ақшасын қайтара алмай, бонус та жоқ, сайтан да жоқ, не істерін білмей отыр. Қомақты сыйақыны жарнамалаған құрбысы да ұшты-күйлі жоғалған.

Бала емес, шаға емес, көпті көрген үлкен кісінің алданғаны біртүрлі екен. Мұның себебін біз психологтан сұрадық.

Маман пікірі
Назира Бұрханова, психолог:

«Психологияда қаржы пирамидаларына, жылтыраққа тез алданатын адамдарды сыни ойлау қабілеті төмен адамдар деп атайды. Психологияда бала, ересек адам, ата-ана деген үш позиция бар. Алдағанға сенетіндерді бала позициясына жатқызамыз. Өйткені олар қиял-ғажайыпқа сенеді. Лотереяға сенетіндер бар. Олардың ойы — тез байып кету. Соңғы кезде «квантовый скачок» деген ұғым пайда болды. Ондай ұғым жоқ психологияда. Ал қаржы пирамидасына кірген адамдар бірден байып кетсек деген ойда болады. Әрине, бірден ештеңе бола қоймайды. Қазір адамдар әлеуметтік желідегі жарнамаларға сенеді. Ал оның жай ғана маркетинг екенін түсінбейді. Сондықтан бала позициясындағы адамдар тез алдана береді».

 

Мақпал Ноғайбаева

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі