jasqazaq.kz

Газдың әлеуметтік құны белгіленеді

04 сәуiр 2023, 10:38

Үкімет отырысында Президент Қ.Тоқаевтың парламент сессиясында жүктеген тапсырмаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Осы жиында ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Әлібек Қуантыров газдың әлеуметтік құны белгіленетінін жеткізді.

«Мемлекет басшысы тауарлық газдың энергия тиімділігін арттыру және ұтымды пайдалану үшін тиісті жоспар қабылдауды тапсырды. Аталған міндетті іске асыру үшін ірі коммерциялық кәсіпорындарға сараланған тарифтерді енгізу, халық үшін көтерме бағалардың өңірлік айырмашылығын қысқарту және тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтерді енгізу шаралары ұсынылады. Бұл өз кезегінде газды үнемді пайдалануға, ішкі тұтыну көлемінің тапшылығын азайтуға және газдың әлеуметтік әділ құнын белгілеуге ықпал етеді», — деді Ә.Қуантыров.
Парламенттің сегізінші шақырылым сессиясының ашылу шарасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев әлеуметтік-экономикалық дамуға тың серпін қажеттігін баса айтқан болатын. Ұлттық экономика министрлігі Президент тапсырмасын жүзеге асыруды 8 бағытта өрістетіп, 32 шарадан тұратын іс-шаралар жоспарын түзіп, Президент әкімшілігіне келісімге жіберілгенін айтты.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде