
Павлодар облысының полицейлері алтын мен гауһар тас бұйымдарын ұрлағандарды іздестіруде. 21 наурыз күні белгісіз үш азамат Екібастұз қаласындағы «Maxi Mall» сауда орталығындағы зергерлік бұйымдар сататын дүкеннен 800 мың теңгеге бағаланған алтын мен гауһар бұйымдарын қолды еткен.
Бұл туралы Павлодар облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасай отырып, pavlodarnews.kz хабарлады.
Дүкенді тонауға келген үш жігіттің екеуі сатушының назарын аударып тұрған, ал біреуі сыртта күткен. Сатушыдан бірнеше бағалы бұйымдарды сұрап тұрып қолындағы әшекейлерді ала қашқан. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, күзетшілер сатушының айқайына қарамастан кеш әрекет еткен. Ал ұрылыр сауда орталығындағы бейне бақылау камерасына түсіп қалған.
Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу амалдары басталып, күдіктілер іздестірілуде.