jasqazaq.kz

Ғани Бейсенбаев: Бала мектеп тәртібіне бағынуы тиіс

05 желтоқсан 2023, 14:40

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында хиджаб кимесе, мектепке бармаймын деген оқушыларға қатысты пікір білдірді. Министр бұл мәселенің түйіні айтылғанын жеткізді.
«Жалпы, білім мекемелері оқу мен тәрбие беруге арналғандықтан, оларды да дұрыс түсіну керек. Мектепке бала келгеннен кейін форманы сақтауы, мектепішілік тәртіпке бағынуға тиіс. Ата-аналардың ең басты мақсаты – балаларының білімді әрі мықты азамат болып қалыптасуы. Сондықтан да, ата-аналарға басты мәселеден ауытқымауымыз керек екенін айтқым келеді», – дейді Ғани Бейсембаев.
Ғ.Бейсембаевтың айтуынша, әр ата-ана мен мектеп баланың ертең мықты азамат болып қалыптасуына жұмыс істеуі керек.
«Бүкіл білім мекемелерінде тиісті заңды орындауға білім мекемелері міндетті. Бұл бағытта жұмыс жалғасады. Ата-аналар аталған мәселеге түсіністікпен қарап, баланың бақытты әрі мықты азамат болуына жұмыла үлес қосуға тиіс. Бұл мәселені әрі қарай өрбіте беру ертеңгі жас ұрпағымызға еш пайдасын тимейтінін түсінетін уақыт келді деп ойлаймын», — деді министр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі