jasqazaq.kz

«Ғайыпбаевтың телефонын ұрлаған». Сотталушы Азамат Тоқтаубаевтан жауап алынды

16 мамыр 2025, 12:18

Бүгін Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот отырысында сотталушы Азамат Тоқтаубаевтан жауап алынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Оған бұзақылық жасағаны және марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың телефонын ұрлады деген айып тағылған.
Сотта үй қамақтағы Азамат Тоқтаубаевқа кешкі 22.00-ден кейін көшеге шығуға болмайтыны айтылды.
«Иә, мен үй қамақтағы бұлтартпау шарасын бұздым. Оны құқық бұзушылық деп танысаңыздар, таныңыздар. Өзім құқық бұздым деп есептеймін. Үйден шықпасам, ондай жағдай болмас еді», — деді ол.
Прокурор Тоқтаубаевтан не үшін көшеге шыққанын сұрағанда, дәріханаға бару қажет болған соң шыққанын айтты.
Прокурор: «Одан бөлек соттылығыңыз болды ма?» – деп сұрады.
Айыпталушы: «Иә, соттылығым болды. Оны бұл іске қатысы жоқ деп есептеймін. Маған осы іс бойынша сұрақ қойыңыз, мен сізге толық жауап беремін», — деп жауап берді.
Өзінің айтуынша, ол 2023 жылдың 14 желтоқсанында Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі бойынша (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) күдікті ретінде танып, екі айға қамауға санкция берілген. Сол кезде ол Талдықорған қаласындағы тергеу изоляторында болған. Кейін жәбірленуші бұл іске оның қатысы жоқ екенін жазбаша түрде растап, 2024 жылдың ақпан айында үй қамаққа ауыстырылған. Кейін тергеу органдары тағылған айыпты ҚК 106-баптың 2-бөлігіне (аса ауыр зардаптарға әкелген денсаулыққа қасақана зиян келтіру) қайта саралайды. 2024 жылдың 17 қазанында сот үкімі шығып, Азамат Тоқтаубаев 7 жылға бас бостандығынан айрылған. Бірақ өзі мұндай шешім қабылдауға Шерзаттың өліміне қатысты қоғамдық пікір әсер етті деп санайды. Істі қайта қарауға өтініш бергенін айтқан ол ақталып шығатынына сенімді.

JQ-Aqparat
Сурет: видеодан кадр

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста