jasqazaq.kz

Ғабит Сыздықбеков: Қаламызды абаттандырылған, көрікті және жайлы қалаға айналдырамыз

19 маусым 2024, 15:42

Бүгін Шымшаһарда қала күні атап өтілуде. Еске түсірсек, 19 маусымды қала күні етіп бекіту туралы шешім 2018 жылы қабылданған болатын. Сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып келген Шымкент қаласының тұрғын саны бір миллионға жетіп, республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленді. Миллион тұрғыны бар шаһар алдында жаңа жобаларды жүзеге асырып, әрмен қарай гүлдендіріп, көркейту міндеті тұрды. Шымкенттің үшінші мегаполис дәрежесін иеленуі қаланың дамуына серпін бергені анық. Бұған жыл сайынғы даму динамикасына, сыртқы келбетіне қарап көз жеткізуге болады.

Дегенмен биыл қала күні сән-салтанатпен тойланбайды. Бұл еліміздің он шақты өңірінде болған жойқын су тасқынымен байланысты. Дегенмен қалада бірнеше шағын шаралар өткізу жоспарланған. Мәселен, сағат 16.00-де «Tulip Hall» конгресс орталығының тұсауы кесіліп, пайдалануға беріледі. Көп функциялы конгресс орталық концерт, халықаралық форумдар, көрмелер мен баспасөз мәслихаты сияқты іс-шараларды өткізуге арналған.
Қала күніне орай әкім Ғабит Сыздықбеков өз құттықтауын жолдады.

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Шымкент — сан ғасырлық тарихы бар, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, бейбітшілік пен келісімде түрлі этностар мен конфессиялардың өкілдері өмір сүретін шуақты қала. Шымкент тек жергілікті халық үшін ғана емес, мегаполисті гүлдендіруге үлес қосқан барша азаматтар үшін де қасиетті мекенге айналған.

Жыл сайын шырайлы қала көркейіп, халықтың өмір сүруіне жайлы мекенге айналуда. Біз қаламыздың келбеті мен тарихи дәстүрлерін сақтай отырып, мегаполисті халықтың өмір сүруіне қолайлы етуіміз керек.

Зәулім үйлердің құрылыс қарқыны, аулалардың абаттандырылуы, спорт алаңдарының салынуы, инфрақұрылымның дамып, қоршаған ортаның жақсаруы қуантады. Игіліктің барлығы — сіз бен біздің ортақ еңбегіміз. Күн сайын сіздермен бірге қаланың тарихына куә болудамыз. Қаламызды абаттандырылған, көрікті және жайлы қалаға айналдырамыз.

Шымкенттің болашағы жарқын екеніне сенімдімін, ал оның еңбекқор және қамқор тұрғындарының ауқымды жобаларды жүзеге асыруына мүмкіндіктері мол.
Құрметті жерлестер!

Еңбектеріңіз бен туған жерге деген адалдықтарыңыз үшін рахмет! Өз еңбегімен, күшімен және талантымен қаламыздың дамуы мен әл-ауқатына өлшеусіз үлес қосқан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, тек жақсылық, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Сүйікті қаламыз көркейіп, халқымыздың тұрмысы жақсара берсін», — деп жазды шаһар басшысы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство