jasqazaq.kz

Футболшы енді офсайдта болмауы мүмкін (видео)

19 қантар 2017, 20:25

Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) техникалық директоры Марко ван Бастен офсайд пен сары қағазды алып тастауды, сондай-ақ бірқатар ереже енгізуді ұсынды.

Baq.kz хабарлағандай, оның айтуынша, ойын тәртібі бұзылғанда былайша жазалау керек: «Мен көптен бері баскетбол тәртібін енгізу туралы идеяны ойлап жүрмін, яғни бес мәрте ереже бұзған ойыншы алаңнан кетеді. Ал офсайд жағына келер болсақ, бұл ұсынысым көбіне ұнамайтын сияқты. Бұл тәртіпті алып тастағым келетіні, қазір футбол бейне бір гандболға ұқсап кетті», – деді ол.

Сонымен қатар, голландиялық директор пенальти сериясына қарағанда хоккейдегі буллит сериясын енгізуді, тіпті әлем чемпионатының топтық ойындарында да қолдануды ұсынды.

«Әрбір командада бес мүмкіндік болады. Төрешінің ысқырығынан кейін футболшы 25 метр қашықтықтан допты алып жүгіріп, 8 секундтың ішінде соққы жасап үлгеруі тиіс. Ал қақпашы айып алаңынан ұзап шыға алмайды. Қарсыласының соққысын қайтара алса, буллит аяқталды», – деді ван Бастен.

Айта кетейік, 10 қаңтар күні ФИФА-ның кеңесі 2026 жылдан бастап әлем чемпионатына қатысатын командалар санын 32-ден 40-қа арттыру туралы шешім қабылдаған.

https://www.youtube.com/watch?v=sUPSfpOy8NU&feature=youtu.be

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде