jasqazaq.kz

Футболдан ҚР кубогы: Шымкенттік арулар жеңімпаз атанды

30 сәуiр 2023, 10:47

Шымкенттік арулар ел кубогы жолындағы жарыстарда қатарынан 14 рет жеңімпаз атанды.

20-26 сәуір күндері Шымкент қаласындағы «БИІК» футбол орталығында ұйымдастырылған доп додасында «БИІК-Шымкент» клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ойындары мәреге жетті. Бұл ретте шымкенттік арулар ел кубогы жолындағы жарыстарда қатарынан 14 рет жеңімпаз атанды.

Айналмалы жүйе бойынша өткен жарысты қорытындылаған кездесуде «БИІК-Шымкент» командасы Ақмола облысының «Оқжетпес» клубының аруларымен алаңға шығып, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ал, төрт кездесудің үшеуінде қарсыластарынан басым болған Түркістан облысының «Томирис- Тұран» командасы жарысты 2-орынмен аяқтады. «БИІК-Шымкент» клубының бас жаттықтырушысы Александр Семеновтың айтуынша, кубоктық бәсекенің кездесулерінің барысы алдағы кезде өтетін ел чемпионатында және 2023-2024 жылғы УЕФА чемпиондары лигасының ойындарында күш сынайтын команда құрамын анықтауға, олардың дайындығын жан-жақты пысықтауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, волейболдан әйелдер арасында Шымкент қаласының құрамасы жоғары лига бойынша ел чемпионы атанды. Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өз мәресіне жетті. Сайыста шымкенттік волейболшы қыздар асқан басымдықпен жеңіске жетті. Құрама команданың бас бапкері Дидар Ұланқызы қыздарды екінші жыл қатарынан чемпиондық тұғырға көтеріп отыр. Яғни, “Шымкент” командасы ел чемпионы атанса, II-орынға Жамбыл облысының “Тараз”командасы қол жеткізді. ІІІ -орыннан алаң иелері Орал қаласының “Грация-КZ” командасы көрінді. Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі