jasqazaq.kz

Футбол: «Қызыл-Жар» клубында жымқыру фактісі бойынша тергеу басталды

28 қараша 2024, 13:13

Солтүстік Қазақстан облысында «Қызыл-Жар» футбол клубының лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісіне байланысты тергеу басталды. Бұл туралы Aladop.kz хабарлады.

Айта кетейік, осыған қатысты дау-дамайдың шеті жазда шыққан болатын. Алайда, жабулы қазан жабулы күйінде қалып, іс аяқсыз қалды. Енді міне жемқорлыққа қатысты әңгіме қайтадан лап ете түсті. Әлеуметтік желілерде футбол клубының өкілдері миллиондаған қарыздарына байланысты тергеуге алынғаны туралы ақпарат тарауда. Тергеушілер бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтаған, сондай-ақ бұл іске клубтың экс-президенті Григорий Лорияның қатысы бар деседі.

«СҚО прокуратурасы мен экономикалық тергеу департаменті клубтың салық міндеттемелері бойынша қарыздарының себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларын жүргізуде. Клуб тергеу органдарына толық көмек көрсетуге дайын екенін және қалыптасқан жағдайды реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлайды», — делінген «Қызылжар СК» футбол клубы баспасөз қызметінің ресми жауабында.

 

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі