jasqazaq.kz

Франциядағы шіркеуге шабуыл жасалды

26 шiлде 2016, 19:31

20160726185701

Францияның солтүстігіндегі Сент-Этьен-дю-Рувре шіркеуінің ғимаратын белгісіз екі адам басып алды, нәтижесінде дін қызметкері қаза тапты, деп хабарлады РИА Новости.

Шабуылшылар ғимараттың артқы есігінен кірген.

Сент-Этьен-дю-Рувре — Руан қаласының маңында орналасқан, ел президенті Франсуа Олландтың туған жері. Оқиға сейсенбі күні таңғы 9:45-те болған.

Қаскөйлер бес адамды кепілге алған: дін қызметкері, екі монах әйел және діни қауым мүшесі. Иеліктен қашып шыққан монах әйел полицияға хабар берген.

Шабуылшылардың пышақпен қаруланғаны белгілі болды.

Төтенше жағдай орнына полиция арнайы күштері келді. Арнайы операция кезінде екі шабуылшы да өлтірілді.

BFMTV телеарнасы қылмыскерлердің шіркеу ғимаратынан шыққан соң өлтірілгенін хабарлауда.

Тұтқындар арасында да бір адам мерт болды. 84 жастағы дін қызметкері Жак Амель алған жарақаттан көз жұмды. Тағы екі адам жараланған, олардың бірі «өмір мен өлім арасында» жатыр.

Қылмыскерлер туралы әзірге ақпарат жоқ. Жергілікті БАҚ бір қылмыскердің сақалы болғанын, басында мұсылмандық баскиім болғанын айтуда.

Ал BFMTV телеарнасы қылмыскерлердің «Аллаһ Акбар» деп айқайлағанын растады.

Шабуылдың себебі әлі анықталған жоқ. iTele арнасының хабарлауынша, антитеррористік прокуратура істі тергеумен айналысады.

Франция президенті Франсуа Олланд шабуыл жасаушылардың «Ислам мемлекеті» ұйымымен қатысы бар екенін мәлімдеді.

Өткен жылдың қараша айынан бері Францияда төтенше жағдай режимі жұмыс істеуде. 14 шілде күні 84 адам қаза тапқан Ниццадағы терактіден соң, шектеу тағы жарты жылға созылды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде