jasqazaq.kz

Франкфурт жақындай түсті

17 наурыз 2017, 12:40

Air Astana компаниясы Lufthansa код-шеринг келісіміне қол қойып, өзінің ынтымастық аясын кеңейтті. 26 наурыздан бастап Астана мен Франкфурт, Франкфурттан Алматы мен Астанаға қатынайтын Air Astana, Lufthansa рейстеріне арналған келісім күшіне енеді.

Екі әуекомпаниясының тұтынушыларына барлық жағдай жасалып, бағасы қолайлы, қолжетімді болады. Енді жолаушылар тасымалдаушы-операторларға қарамастан, екі әуе жолының біреуінің билеті мен кодын пайдаланып, Air Astana, Lufthansa рейстерімен саяхаттай алады. Бұл туралы Air Astana компаниясының президенті П.Фостер «Мен Air Astana мен Lufthansa арасындағы код-шеринг келісіміне қол қою арқылы ұзақ мерзімді серіктестіктің нығаюына қуаныштымын. Алматы мен Астанадан Франкфуртке саяхаттайтын жолаушыларға олардың саяхаты қызық әрі сапалы болуына қызмет етеміз. Бұл келісім – екі ел арасындағы әуе рейсінің нығаюына, қазақстандықтардың шетелге тікелей ұшуына бөгетсіз болады», – деп атап өтті. Ал Lufthansa компаниясының ТМД мен Израиль бойынша бас директоры А.Хильгерс «Бұл келісімшарт – біздің Қазақстанмен байланысымызды одан әрі арттырмақ. Еуропа үшін Қазақстан жақын бола түспек. Бүгінгі уақытта Қазақстан Орталық Азияның ішіндегі қарқынды дамып, экономикасы нығайған ел болған соң, біздің келісім негізінде еуропалықтар бұл елдерге саяхаттап келе алады. Air Astana біздің жаңа серіктесіміз болып тұр. Енді біз бұл компанияны Орталық Азиядағы жетекші әуе компаниясы ретінде көргіміз келеді», – деп жылы лебізін білдірді. Сонымен, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дейінгі аралықта Астана, Алматы және Франкфурт бағытындағы әуе рейсі ашылып, «1 терминал» жүйесіне көшіп, жолаушылардың уақыттарын үнемдеуіне және билетті қолжетімді бағада алуына кепіл болады екен.

Елдос Тоқтарбай,
Астана қаласы

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді