jasqazaq.kz

Forbes ең бай қазақстандықтардың тізімін жариялады

21 наурыз 2017, 10:32

Forbes журналы жыл сайынғы әлемдік миллиардерлер тізімін жариялады. Жаһандық тізімде бес қазақстандық миллиардер тізімге енген.

Қазақстандық миллиардерлер тізімінде көш бастап тұрған — Қазақстан теннис федерациясының басшысы әрі бұрынғы Қазақстан Президентінің іс басқарушысы Болат Өтемұратов. Биыл журнал оның дәулетін 2,3 миллиард долларға бағалады. 2016 жылы да осындай көрсеткіш болатын. Әлемдік рейтингте Өтемұратов 896-шы орында тұр, алдыңғы жылмен салыстырғанда ол 125 позицияға түскен. Ең бай адамдар тізімінде қазақстандық үш миллиардер екінші орынды өзара бөлісті, олар — «Қазақмыс» корпарациясының бұрынғы басшысы Владимир Ким және Тимур мен Динара Кулибаевтар. Олардың дәулеті 2,1 миллиард долларға бағаланған (жалпы тізімде 973 орында). 2016 жылы Кулибаевтар қаражаты 2 миллиардқа тең болған, ал Владимир Ким — 1,5 миллиард доллар болған. Үздік бестікте қазақстандық миллиардер ERG кен өндіру компаниясының иелік ететін, «Еуразиялық банк» АҚ президенті Алиджан Ибрагимов. Оның қаражаты бір жыл ішінде 300 миллинға көбейіп, 1,9 миллиард долларға жеткен. Әлемдік рейтингте ол 1908 орында тұр. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде