jasqazaq.kz

FlyArystan «Эйр Астанадан» бөлініп шығады

05 сәуiр 2023, 16:50

2024 жылдан бастап отандық FlyArystan әуе компаниясы жеке заңды тұлға ретінде бөлініп шығады.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов Сенаттағы Комитет отырысында мәлімдеді.

Бекітілген кезеңдік жоспарға сәйкес «Эйр Астана» АҚ-нан Fly Arystan құрылымдық бөлімшесі 2024 жылы жеке заңды тұлға ретінде бөлінеді деп күтілуде. Бұл шаралар бәсекелес ортаны дамытуға, нарық субъектілері арасындағы бәсекелестік жолымен әуе билеттерінің құнын төмендетуге оң ықпалын тигізеді, — деп атап өтті вице-министр.
Ұшудың тұрақтылығын арттыру үшін бірнеше шара қолға алынған.
«Министрлік әуе компаниясының рейс кешіккенде немесе кейінге қалдырылған кезде жолаушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қолданыстағы заңнаманың тасымалдаушылардың жауапкершілігін күшейту бөлігіне түзетулер енгізілді», — деді Алмаз Ыдырысов.

JQ-Aqparat

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық