jasqazaq.kz

Флешмоб жастар

13 мамыр 2016, 20:38

flesh_mob

Ауылдан қалаға білім іздеп келген жас баланы «жаңа бауырлары» арбай бастады. Іші-бауырына кіріп, жылы-жылы сөйлеп, сеніміне кіреді. Шайға шақырады. Футбол ойнатады. Уақыт өте дискіні қосып, бейнеролик көрсетеді, қолына діни кітапша ұстатады. Бұл еліміздің кез келген қаласында, әсіресе, ірі қалаларында 10-15 жыл бұрын басталған үрдіс. Ақтөбені де сырт айналып өтпеді.

Қаланың бірнеше бөлігінде арнайы пәтерлерде жиналып, шай ішеді, арты әдемі уағызға ұласады. Ауылдан келген жас бала туыстарынан көрмеген мейірімді жаңа таныстарынан көре бастайды. Жер бетінде бұдан асқан жылылықты сезінбедім деген желеумен олардың ағымдарында қызмет етуге бел буады. Аптасына бір, кейде тіпті екі рет кездесуге жиналады. Бір апта, бір ай, жылдар… осылай өте береді. Желілік маркетинг секілді, мұнда да адам қатарын көбейту, жаңа мүшелер тарту секілді жүйе жақсы жолға қойылған. Ақтөбе өңірінде де топ-топ болып, аптаның белгілі бір келісілген күндерінде арнайы пәтерлерде бас қосу, табиғат аясында демалу, футбол ойнау, т.с.с. жалғасып келеді. Рухани азық іздеген қазақ баласы әлдекімдердің жетегінде кетіп жатыр. Бүгін айтып отырғанымыз жоқ, бұрын да байбалам салынды. Естір құлақ болмады ма, құзырлы органдар қауіпті басқа жақтан іздеді ме, әйтеуір, жағдай ушыға берді. Осыған дейін журналистік тәжірибемізде облыс басшыларынан діни ахуал туралы аз сұрамадық. «Діни ахуал тұрақты» дегенге саятын бір жауап аласың. Барлық конфессиялар тату-тәтті өмір сүріп жатыр дегеннен әріге бармайтын жалаң «отчет». Қағаз жүзінде барлығы ойдағыдай. Қағазбастылыққа басымдық беретін билік өкілдері үшін де керегі сол емес пе?! Ауылдан қалаға келген жастармен айналысуы керек басқарма да жоқ емес. Өкінішке қарай, жасыл жейде киіп, арамшөп жұлғандарын әспеттеп, мемлекеттік тапсырыстар аясында билікке жақын ақпарат

e581acb4685907a78b44dace2613e904

құралдары арқылы насихаттағандарына мәз. Әрі кетсе, сары футболка киіп, құдайға қажеті жоқ флешмоб ұйымдастырудан әріге бармайды. Оқу орындарындағы жастарды топырлатып, бұқаралық шараларға мәжбүрлеп отырғызып қою, зал толтырып беру, «оқудан шығарамын» деп зәрелерін ұшырып, мән-мағынасыз шараларға жұмылдырудан аспайды. Жастар деген тек оқу орындарындағы студенттермен шектелмейді ғой. Оқуға түспей қалған жастар да баршылық. Өз бетімен еңбектеніп жүрген 15-25 жастағы қыз-жігіт аз ба? Тіпті жұмыста жоқ, арағын ішіп, бұрышта құлап жатқан адамдардың арасында жастар аз ба? Арнайы бюджеті қарастырылып, белгілі мөлшерде лоттар ойнататын жастар басқармасы ондайды көрмей ме? Неге оларды да тыңдамасқа? Әлде, жастар саясаты дегенде алдымен сол қыруар қаржыға футболка, бейсболка тіктіріп, камера алдында арамшөп жұлып, қол сермеп, флешмоб билеп берумен шектеле ме екен? Әңгіме басында айтылған діни ағымдардың жұмысына оралар болсақ, олардың қатарында да қаптап жүрген алдымен жастар ғой. Бірақ олардың саясаттан тыс қалғаны ма? Құзырлы жастар басқармасының оларда шаруасы болмағаны ма? Әлде, күмәнді діни ағымдарда жүрген жастар жастар емес пе? Олармен өзгелер айналысуы керек пе? Жауабы жоқ сұрақ көп.
Нәтижесі, Сирия… экстремистік баптар бойынша сотталып кете бару… Сақал жіберген жастар…
Ал біз әлі футболка киіп, шөп жұлудан аса алмай келеміз…

 

Асқар Ақтілеу,
Ақтөбе

21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті