jasqazaq.kz

Филиппин Әскери-әуе күштері қателесіп, өз сарбаздарын қырып тастаған

01 маусым 2017, 15:44

Филиппин Әскери-әуе күштері ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) топтарының позициясына соққы жасап, өз елінің 10 сарбазын өлтіріп алды.

Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Дельфин Лорензан мәлімдеді. Оның сөзінше, әуе соққылары уақытша тоқтатылуы мүмкін. Сонымен қатар, оның мәліметінше, үкімет әскерінің тағы жеті сарбазы жарақат алған. Әуе соққылары SF-260 ұшағынан жасалған. Олар Марави қаласының орталығына бомба тастаған. Бірінші ұшақ нысанаға тисе, екіншісі мүлт кеткен. «Өз әскерімізге соққы жасағанымызға өкінеміз. Қателік болды — не пилот, не құрлық қызметтері қателесті», — деді Лонензан. Қарушы күштер ӘӘК мен құрлық әскері арқылы содырларды ғимараттан шығарып алуға тырысқаны айтылады. БАҚ-тың мәліметінше, Марави қаласына таласта соңғы 9 күн ішінде 38 әскери қызметші, 19 бейбіт тұрғын және 120 көтерілісші қаза тапқан. Қақтығыстар 23 мамырда басталған, бұл кезде көтерілісшілер өрт қойып, ғимараттарды басып алып, полиция машиналары тартып алып, кепілге адам ала бастаған. Олар қылмыскерлерді босатып, өз жағында соғысуға үндеген.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде