jasqazaq.kz

Филиппин президенті есірткі сатушыларды өз қолымен өлтіргенін мәлімдеді

14 желтоқсан 2016, 12:57

Филиппин президенті Родриго Дутерте Давао қаласының мэрі болған кезде есірткі сатты деген күдіктілерді өзі өлтіргенін мәлімдеді.

tengrinews.kz хабарлағандай, Мамыр айында президент болып сайланған Родриго Дутерте есірткіге тәуелді адамдармен, сондай-ақ, есірткі сататындармен күресіп келеді. Полицейлердің соңғы мәліметтері бойынша, Дутерте билікке келгелі бері елде есірткі саудасына қатысы бар шамамен 3 мың адам өлтірілген.

«Мен Давао қаласында оларды өзім өлтіргенмін. Мұны істей алатынымды сол жігіттерге көрсеткім келді», — деп мәлімдеді Филиппин президенті.

«Даваода мотоциклмен жүріп, көшелерде күзетте жүрдім. Мен расында да біреуді өлтіру үшін ұрыс-қағыс болып жатқан аумақтарды іздедім», — деді Родриго Дутерте бұл әрекетін әлі де жалғастыра беретінін айта отырып.

Айта кетейік, дүниежүзілік қоғамдастықтың өкілдері елдегі есірткі саудасының бұл түрімен күресу әдісін сынға алған болатын. Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ сарапшылары да филиппин билігіндегілердің бұл әрекетін айыптады. Сарапшылар оларды адамдарды өлтіруге бөгет жасауларын және күдіктілерді өлім жазасына кесуден бас тартуын сұрады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде