jasqazaq.kz

FIFA президенті Астанаға келді

03 мамыр 2023, 11:55

FIFA президенті Джанни Инфантино жұмыс сапарымен Астанаға ұшып келді. Әлемдік футбол қауымдастығының президентіне тағайындалғалы Джанни Инфантино қазақ жеріне тұңғыш рет табан тіреп отыр. Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ресми сапары барысында Халықаралық футбол федерациясы басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі жоспарланған. «Сондай-ақ, Инфантино Қазақстан футбол федерациясы манежінде оқушылар арасында өтетін Ұлттық қыздар лигасының ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, ФИФА және ҚФФ президенттері елімізде футболды дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру бойынша бірқатар мәселені талқылайды» деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі