jasqazaq.kz

«Феникске» арналған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған

15 наурыз 2017, 22:21

Алматы қаласындағы №2 Медеу аудандық сотында режиссер Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. Тергеуден белгілі болғаны, Т. Жаманқұловқа «Феникс» кинофильмін түсіруге бөлінген қаражаттың 69 млн. теңгесін жымқырды деген айып тағылды. Соттың бүгінгі отырысында осы іс бойынша «Т.К. TURAN UNIVERSAL BISINESS» ЖШС-нің есепшісі Назгүл Жүнісова түсінік берді.

«2014 жылдың мамыр айында Т. Жаманқұлов «Феникс» кинофильмін түсіру үшін мені «Т.К. TURAN UNIVERSAL BISINESS» ЖШС-нің есепшісі ретінде жұмысқа шақырды. Бірінші транш — 10,5 млн. теңге 2014 жылдың мамыр айында жіберілді. Осы соманың 8,3 млн. теңгесі сценаристің есеп-шотына аударылды. Фильмнің өндірісіне ақша 2014 жылы 15 мамырда түсті»,- деп әңгімеледі куә. Оның айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникс» кинофильмінің түсіру тобымен тұрақты түрде жиналыс өткізген. Сол жиналыстарда жұмыс реті талқыланған, сондай-ақ Жаманқұлов түсірушілер тобына тапсырма беріп отырған.

serke.org хабарлағандай, «2014 жылы маусым айындағы басқосуда Жаманқұлов өзіне 6-7 млн. теңге ақша қажеттігін айтты. Мен ол соманың нақты қанша екенін есімде сақтамадым. Ол «Феникс» фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдинаға ақша жинауға тапсырма берді. Бір апта өткен соң, Юдина телефон шалып, маған есеп-шоттан 717 мың теңгені алуды өтінді. Өйткені, оған осы көлемдегі сома жетпеген. Ал ақшаны мен Керімжан Есбаевтың көзінше сейфке салдым»,- деді Назгүл Жүнісова соттағы сөзінде.

Сондай-ақ, куә арада біраз уақыт өткенде сейфте 5,2 млн. теңге жиналғанын әңгімеледі. Бұл ақша Тұңғышбай Жаманқұловқа берілген. «2015 жылы қаңтар айында мен фирманың есеп-шотынан қалған сома — 1,7 млн. теңгені алып, кеңседегі шкафқа салдым. Алайда, ақшаны сол күйінде ұмыт қалдырыппын. Кейін тергеу барысында ол ақшаның қалғаны есіме түсіп, қайта алып, «Т.К. TURAN UNIVERSAL BISINESS» ЖШС-нің есеп-шотына салдым»,- деп түйіндеді сөзін куә.

Бұған қоса, Н. Жүнісова «Феникс» фильмін түсіруге қатысты басқа да қаржылық былықтар туралы әңгімеледі. «Менің білуімше, картинаның режиссері Жәнібековке және редакторы Сұлтановқа қосымша ақы төленді. «Феникске» тартылған әлеуетті жеткізушілер мен қызмет түрлерін ұсынушылардан түскен қаражат бірден қолма-қол ақшаға айналдырылып отырды», — деді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде