jasqazaq.kz

Фариза Ескермес: Сөз салған қазақ азаматтары өнеріме қарсы болды

20 сәуiр 2023, 13:09

Әнші Фариза Ескермес осыдан біраз уақыт бұрын көпшілікке сүйіктісін көрсеткен болатын. Өзге ұлттың азаматын таңдаған ару «Қыздар-ай» бағдарламасында жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды.

Өнер иесі сұхбаттарында өзге ұлттың жігітіне тұрмысқа шықпайтынын айтып жүріпті. Фариза Ескермес ойының өзгеруіне махаббат себеп болғанын мойындады.
«Тек қана махаббат өзгертті. 2019-2020 жылдары «Джейран» тобындағы Мединаның туған күні болды. Сол кезде мен «Қазақ жігітіне тұрмысқа шығуымыз керек, қыздар. Ешқашан басқа ұлттың жігітіне тұрмысқа шығушы болмаңдар. Ұлт мәселесі бірінші орында» деп қатты айқайлап айтып қойдым. Мен сенімді түрде айтқан кезде Құдай «Енді көре ғой» деп, осы жолды берген секілді. Той бұйырған кезде болады. Жоспарлап жатырмыз», — деді Фариза Ескермес. Сонымен қатар әнші сүйіктісі жайлы ашып айтып берді. «Менің өнерімді, болмысымды қабылдай білген адам. Әрдайым менің сөзімді тыңдап, сыйлай білген азамат. Мен осы қасиетіне ғашық болдым. Осыған дейін сөз салған қазақ азаматтары болды, әрине. Бірақ, өнеріме қарсы болды. Түбегейлі қарсы болды. «Киноға түспейсің. Сахнада жүрмейсің» деді. Оның (сүйіктісі — ред.) өнерге қатысы жоқ. Кадрдың сыртында жүретін адам, концерт ұйымдастырушы,»- деді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі