jasqazaq.kz

Facebook басшысына қатысты тергеу басталды

08 қараша 2016, 3:41

0efb30a483d3bab86f9fac8c66a310b7_l

Мюнхен прокуратурасы Facebook басшысына қатысты тергеуді бастап кетті. Марк Цукерберг ұлтаралық араздық пен өшпенділікті өршітті деп айыпталып жатыр.

Қылмыстың істің ашылуына желі қолданушыларының зорлық-зомбылық пен терроризмді насихаттауы себеп. Ал әлеуметтік желі әкімшілігі мұндай пікірлерді алып тастамайды немесе жазуға тыйым салмайды дейді айыптаушы. Айта кетейік, қорғаушы Чон Чхан Чу осы әлеуметтік желіге қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған талап қойды. Ол неміс заңын бұзған 400-ге жуық оқиғаны жинаған. Қазірдің өзінде Германиядағы желі қолданушылары жауапқа тартылып жатыр. Бұдан былай ғаламторда балағаттап, қоқан-лоққы көрсеткендер бірнеше мың еуро айыппұл төлейді. Ал тағдырдан теперіш көрген босқындар түрлі сайттың құрбаны ғана емес, өмірде де қиын жағдайларға жиі ұшырап жатады. Германияда жыл басынан бері олардың жатақтарына 832 рет шабуыл жасалған. Айта кету керек, екі жыл бұрын, яғни көші-қон дағдарысына дейін мұндай оқиғалар жылына 200-ден аспайтын.

Томас Нойендорф, Берлин полициясы баспасөз қызметінің жетекшісі:
— Егер кімде-кім осы әлеуметтік желіде тәртіп бұзса, Facebook өкілдері бізге сол адам жайлы деректерді беру үшін заңға сәйкес, іс қозғаймыз. Жақында бір желі қолданушысын тексердік. Компьютері мен телефонын тәркіледік. Мұндай жағдайларда Facebook өкілдерімен тығыз жұмыс істейміз. Тікелей сауал жолдаймыз. Бірақ біздің жұмыста жылдамдық маңызды. Сондықтан бізге тез жауап бергенін қалаймын.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде