
Фото: Lori
Естімеген елде көп. Ресейде жол сақшылары эвакуаторға тиеп әкетіп бара жатқан көлікке жылдамдықты асырды деп айыппұл белгіледі.
rbc.ru сайты жазғандай, Татарстан тұрғыны жол ережесін бұзғаны жөнінде айыппұл қағазын алғанда, таңданысын жасыра алмаған. Өйткені, жол полициясы оның Hyundai көлігін эвакуаторға тиеп бара жатқан кезде фоторадар түсірген суретін қоса жіберіпті. Суретте эвакуатордағы көлік «сағатына 82 шақырым жылдамдықпен жүрді, рұқсат берілген жылдамдық сағатына 60 шақырым» деп жазылған.