jasqazaq.kz

ЭЦҚ-ны пайдалану ережесін біліңіз!

17 наурыз 2025, 15:23

Бұдан былай басқа адамның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланғаны үшін орасан көлемде айыппұл төлеуге тура келеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Осындай заң нормасы 13 наурыздан бастап күшіне енді.
Төленетін айыппұл көлемі:
— жеке тұлғалар үшін – 196 600 теңге
— шағын бизнесі өкілдері үшін – 393 200 теңге
— орта бизнес субъектілері үшін – 589 800 теңге.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі заңды және жеке тұлғаларға заңды механизмдерін қолдануды ұсынды:

– Ресми сенімхат рәсімдеу

Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға осы заңды тұлғаның қызметкеріне немесе оның тағайындаған тұлғасына (соның ішінде аутсорсингтік ұйымдарға) электрондық құжатқа қол қою құқығын бере алады.

Жеке тұлға немесе жеке кәсіпкер қол қою құқығын есепшіге немесе басқа уәкілетті тұлғаға беру үшін нотариалды куәландырылған сенімхат рәсімдей алады. Бұл ретте әрбір тұлға өз атына алынған ЭЦҚ-ны пайдалануы тиіс.
Қажет болған жағдайда аталған сенімхаттар тиісті мемлекеттік органдарда тіркелуге жатады.

– Басшының жеке ЭЦҚ-ны пайдалануы

Басшыларға есептілікті өз бетінше қол қою ұсынылады, бұл ЭЦҚ-ны пайдалану кезінде жеке жауапкершілік қағидатын сақтауға кепілдік береді.
Одан бөлек, жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиесілі ЭЦҚ-ның заңсыз қол жеткізілуі мен пайдаланылуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

Тиісті шараларды қабылдамаған тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік көзделген.

JQ-Aqparat
Фото: dauletten.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі