jasqazaq.kz

Этнолог Тұрар Сәттарқызы: Құрсақ шашу, әлде гендер пати?

30 наурыз 2023, 16:37


Белгілі этнолог әрі тарихшы Тұрар Сәттарқызы жастар арасында танымал «гендер пати» кешіне қатысты өз ойын білдірді.

«Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа”,- дейтін дана бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы сол сан ғасырлар тәжірибеден өткен, тәрбиелік мәні зор, қашанда өзінің құндылығын жоймайтын дәстүрлерімізді “ескінің сарқыншағы”,-деп, үш қайнаса, сорпасы қосылмайтын бөгде елдің, бөтен мәдениеттің салт-санасын насихаттап жүр. Ата дәстүріміздің тамырына ғана емес, ұрпағымыздың тамырына балта шауып, жастар арасында кеңінен насихатталып жатқан, қазақы танымымызға жат “Гендер пати” жайлы айтайын.

”Гендер пати” деген 2000 жылдары АҚШ пайда болып әлеуметтік желілердің арқасында 2010 жылдан бастап кеңінен тараған. Жүктіліктің 24 аптасында шарлар жарып, болашақ сәбидің жынысын анықтау үшін жиылып өткізетін мереке.Тіпті өткенде тик-токтан көріп қалдым. Дастархан басында жас келін атасы мен енесіне “жүктілік тестін” көрсетіп ұл болады деп жатқанын көрген едім. Үлкенді сыйлау, имену, ұялу деген қасиеттер қайда?

Сәби дүниеге келмей тұрып “Құрсақ шашудан” басталатын тәрбиелік мәні зор дәстүрлеріміз соның айғағы. Қазақтың барлық дәстүрі тал бесіктен жер бесікке дейінгі адамның адам болып қалыптасуына арналғанын бүгінде ұмыттық. Гендер пати деген жат салттың орнына қазағымның “Құрсақ шашу” дәстүрі бар. Асқа тәбеті тартпай, лоқсып жүрген жас келіншекті абысын-ажындары байқап енесіне “Келініңіз ақ баталы болыпты” деп астарлап жеткізген. Қуанған енесі сүйіншісін беріп, шаршы ақ орамалды қара шаңырақтың оң босағасына байлаған. Бұл бойына бала біткен келінді ата-баба рухы қолдап жүрсін деген ырым, жақсылықты жариялау. Мұндай ақтық байланып тұрған үйдің жанынан атпен шауып өтпей, тіпті ойнаған балаларды шулатпауға тырысқан»,-деді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде