jasqazaq.kz

Этнограф: Әйел көкпар көруге барсын, бірақ додаға кірмесін

22 қараша 2023, 15:37
Фото: urker.kazgazeta.kz

Күні кеше танымал әнші Мейрамбек Беспаев Тараз жерінде көкпар ұйымдастырып, дүбірлі доданы көруге барған әйелдер қауымы сынға іліккен болатын. Халық көкпар көруге әйелдер бармайды деп шулады. Осы байланысты белгілі этнограф-ғалым Болат Бопай пікір білдірді.
“Атүсті ойындарының ішінде көкпар – ерекше спорт түрі. Ер-азаматтардың аяқ пен қол қарымын, бел қарымын, тездігі мен дәлдігін шыңдайтын, жауынгерлігін көрсететін ойын. Көкпар үлкен ауқымды бас қосу мен тойларда ғана ұйымдастырылады. Ас беру мен келін түсіру, қыз ұзату кезінде де көкпар жасалған. Оған әйел адамдар қатыстырылмайды. Өйткені көкпар – атүсті ойындардың ішіндегі ең қауіптісі. Бірақ, көрермен ретінде ғана қатысуға болады. Әйелдер нәзік жаратылыс иесі, ал көкпар атүстінде таласатын ойын болғандықтан әйел заты үшін қолайлы емес. Сондықтан әйелдің көкпар тартуын қазақ халқы жақтыра бермейді. Ежелгі жаугершілік замандағы әйелдердің болмысы басқа. Сол заманда да әйел көкпар шапса, адам шығыны болады деп есептеген. Ат үстінде ойналатын теңге ілу, аударыспақ, садақ ату, қылыштасу ойындары мүлдем бөлек. Соның ішіндегі көкпар ғана күрделісі. Сол үшін әйел адамдарға қатыстыруға тыйым салған. Халықтың шулап жатқаны осы болса керек?! 100-ге жуық адамның арасында ойнау оңай емес. Аттан жығылып немесе астында қалып кетсе өмірін қияды. Әйел көкпар көруге барсын, бірақ додаға кірмесін. Үзілді-кесілді көкпар көруге болмайды деген тыйым жоқ”, – дейді этнограф.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі