jasqazaq.kz

«Эскортшы қыздар» қызметін ұйымдастырған жеңгетай ұсталды (Видео)

06 маусым 2023, 12:52

 

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі «жабық» топтарды анықтады. Рolisia.kz жазғандай, Алматыда қалталы ер адамдар үшін интимдік және «эскорт-сүйемелдеу қызметін көрсететін сұлу бикештердің қатысуымен «жеке» секс-кештер ұйымдастырылған.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері көліктегі полиция департаментінің ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, сол топтардың ұйымдастырушысы мен әкімшісі – 25 жастағы алматылық бойжеткенді ұстады. Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. Қыздарға «демеуші» табуға, сөйтіп шалқып өмір сүруге жағдай жасауға уәде берген. Топқа кіру ақысы 300 доллар болған. Күдікті жеңгетайлық қызметі үшін клиенттен түскен ақшаның 40 пайызын өзіне алып отырған. Ал қалғанын қызмет көрсеткен қыз алған. Бір «кездесудің» бағасы бір сағат үшін 500 мың теңгеден басталған.

Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп, деректерді талдау нәтижесінде күдіктінің 2022 жылғы қаражат айналымы анықталды. Ол бір жылда 209 млн теңгеден астам «табыс» тауыпты.

Секс-бизнесті ұйымдастырушы өз қызметін жасыруға тырысқан. Өзін Instagram әлеуметтік желісінде 100 мыңнан астам оқырманы бар табысты модель әрі блогер ретінде көрсеткен. Ресми түрде еш жерде жұмыс істемеген. Тінту барысында күдіктіден қылмыстық «бизнес» туралы жазбалары бар күнделік, жаңа және сатып алынатын жылжымайтын мүлікке құжаттар, ақ түсті ұнтақ заттың қалдықтары бар қалта айнасы, есірткі заттарын тұтынуға арналған бұралған ақша, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы автомашиналар, сондай-ақ салмағы 1,72 грамм болатын «мефедрон» табылып, тәркіленді. Жезөкшелікпен айналысқан «жабық топтардағы «элиталық эскортшылар» полиция бөліміне жеткізілді. Прокуратура келісімі бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабымен («Жезөкшелікпен айналысуға притондар ұйымдастыру және жеңгетайлық») және 297-бабымен («Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау») сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі