jasqazaq.kz

Ескелді ауданында жаңа амбулатория халық игілігіне берілді

18 маусым 2025, 20:41

Ескелді ауданының көрікті Шымыр ауылында игі істердің бастауы болған ерекше оқиға орын алды – жаңа ауылдық дәрігерлік амбулатория салтанатты түрде ашылды. Бұл — тек медициналық мекеме ғана емес, ауыл тұрғындарының жарқын болашағына жасалған нақты қадам.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, аудан әкімі Елдос Ахметов, оның орынбасары Жанар Қанатқызы, аудандық орталық аурухананың директоры Сауле Рыспековна, «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Мирас Серікұлы және ауыл тұрғындары қатысты.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл амбулатория күніне 25-30 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Енді шұғыл және жоспарлы медициналық қызмет алу үшін алысқа сабылудың қажеті жоқ — білікті дәрігерлер ауылдың өзінде қызмет көрсетеді.


Ауыл тұрғындары үшін бұл – жай ғана ғимарат емес, үміт пен қамқорлықтың символы. Денсаулық сақтау саласындағы мұндай оң өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттырып, ауыл өміріне тың серпін беретіні сөзсіз.
JQ-Aqparat

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы