Есірткіні көлікке ауыстырмақ болған. Сот медициналық сараптамасының қызметкері зертханадан аса ірі көлемде есірткі затын ұрлап, оны автокөлікке ауыстыру кезінде қолға түскен. Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты айыпталушыны он бес жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айырды.