jasqazaq.kz

Есірткімен басы бәлеге қалды

05 сәуiр 2023, 15:27

Қостанай полицейлері белгіленген жерге есірткі қоюшыны құрықтады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 29 жастағы тұрғынды ұстады.

Жеке тінту кезінде a-PvP психотроптық есірткі затының 1 zip пакеті тәркіленді. Оны да таратпақ болған. Әрі күдіктінің үйінен изолентаға оралған 74 zip пакеті және ұнтақ заты бар 5 zip пакеті тәркіленді.

Есірткінің жалпы салмағы 30,62 гр құрады, zip пакеттерінде a-PVP және мефедрон психотроптық есірткі заты болды.

Күдікті УҰИ-на қамалды. Бұдан әрі тергеу-жедел іс — шаралар жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі