jasqazaq.kz

Есірткіге елтігенше, еліңе қызмет ет!

18 қазан 2023, 13:42

Жас қалам

Қазіргі заманда жастар арасында есірткінің таралуы – біздің елімізді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған құбылыс. Есірткі жыл сайын мыңдаған адамның тағдырын күл-талқан етеді, кей жағдайда тіпті өлімге әкеп соқтырады.

Жақында еліміздің Бас прокуратурасы мынадай ролик таратты. Онда синтетикалық есірткіні қолданудың салдары туралы айтылыпты. Осыған ерекше тоқталуды жөн көріп отырмын.

Синтетикалық есірткіні қолдана бастағаннан кейін бір ай өткенде адам депрессияға ұшырайды, басы жиі ауырады, түнде ұйықтай алмайды. Үш айдан соң психологиялық тәуелділік пайда болады, арықтай бастайды, еске сақтау қабілеті нашарлайды. Алты айдан кейін не болса соған алаңдап, тыныс алуы қиындайды, жүрек, бауыр, бүйрек жұмысы нашарлайды. Бір жылдан соң адам жұмыс істей алмайтын жағдайға жетеді, жақын адамдары одан безе бастайды, созылмалы сырқатқа ұшырайды. Синтетикалық есірткіге тәуелді адам ары кеткенде бес жыл өмір сүреді екен. Есірткі сатудан пайда табатын әлдекімдердің қалтасын қалыңдату үшін өз өміріңді құртудың қажеті не десеңші…

Одан да білім алып, жұмыс істеп, еліңнің гүлденуіне үлес қосып, ата-анаңды, туған-туысты қуантып жүргенің мың есе жақсы емес пе?

Айдын Нұржігіт,

Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ФММК факультетінің журналистика мамандығының 2-курс студенті

Сурет: Интернет 

 

 

 

 

 

 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі