jasqazaq.kz

Есірткі жинап, абақтыға қамалды

20 қантар 2017, 1:39

Ақтау қалалық сотында сотталушы Т-ға қатысты Қазақстан Респуликасының Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4 бөлігімен сот үкімі шығарылды.Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Басты сот талқылауында сотталушы Т. Маңғыстау облысы ІІД-нің қызметкерлерімен «Өрмекші» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Ақтау қаласындағы жалдамалы пәтерде аса ірі мөлшерде «марихуана» есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін ұсталғаны анықталды. Сот сараптамасының қорытындысы бойынша сотталушыдан жалпы салмағы 4 кг 888,24 грамм кептірілген марихуана тәркіленген. Сот үкімімен сотталушы Т. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4 бөлігінде көрсетілген, аса ірі мөлшерде есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз тасымалдау және сақтау деген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметінен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде