jasqazaq.kz

Есірткі таратқан студент 11 жылға сотталды (Видео)

23 қыркүйек 2024, 13:59

Қостанайда спорт факультетінде оқитын студент есірткі таратумен айналысқан.
Polisia.kz. хабарлағандай, полиция облыс орталығының түкпір-түкпірінде есірткі таратумен айналысқан екі адамды ұстаған болатын. Олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-ші курсында оқыған. Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі – “а-PVP” тәркіледі. Сонымен қатар электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды. Қара нарықта алынған партияның құны шамамен 100 млн теңгені құрайды. Полицейлер айналымға 15 мыңнан астам дозаның жіберілуіне жол бермеді. Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен екеуі де 11 жылға бас бостандығынан айрылды. Үкім заңды күшіне енді.
Жыл басынан бері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері заңсыз айналымнан 63 келі түрлі есірткі заттарын тәркілеген.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі