
Қарағандыда психотроптық заттарды қоюмен айналысқан 20 жастағы күдікті қыз ұсталды.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Гоголь көшесіндегі үйлердің бірінің жанында есірткі сақтау және өткізу қылмысына күдікті қызды ұстады. Тінту барысында одан ұнтақ заты бар 6 байлам тәркіленді. Ол тұратын пәтерді тексеру кезінде полицейлер тағы да 50 орамды тапты. Сондай-ақ күдікті көрсеткен жерден тағы 2 орам алынды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, орамда жалпы салмағы 4 грамм болатын психотроптық препарат болған.

Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұсталған қыз қамауға алынды.
JQ-Aqparat