jasqazaq.kz

Есірткі сатушы қолға түсті

19 қыркүйек 2023, 16:03

Алматыда полиция қызметкерлері есірткі сатушыны құрықтады. 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстау операциясын қалалық есірткі қылмысымен күресушілер Түрксіб аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.
Жедел ақпаратқа сәйкес, 23 жастағы туған С.есімді азамат синтетикалық есірткіні зертханада заңсыз өндірумен, сақтаумен, ораумен және сатумен айналысқан.

«Үйді тінту барысында ерекше иісі бар ақ түсті ұнтақ зат табылды және тәркіленді. Күдіктінің айтуынша, бұл зат мефедрон есірткісі, ол оны жеке жалдамалы үйде өзі жасаған. С.есімді азамат дайын өнімдердерді қала аумағындағы жасырын орындарға қалдырып кеткендігі белгілі болды. Сонымен қатар үйден сұйықтықтары бар пластик канистрлер, пирометр, түрлі колбалар, вакуумдық және электр сорғышы, электронды таразылар, бумалар мен есірткі өндіруге арналған басқа да керек-жарақтар табылды», — дейді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі