jasqazaq.kz

Есірткі сатқан қылмыстық топ құрықталды

27 маусым 2023, 10:16


Еліміздің бірнеше қаласында есірткі өткізу арнасы жүйелі түрде жолға қойып өрістеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың 11 мүшесі құрықталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Polisia.kz. мәлім етті. «Ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін полицейлер “Сұңқар” және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ бөлімшелерімен бірлесіп, биыл сәуір айында құрықтады. Үш қалада 11 қылмыскер ұсталып, тоғыз мекенжай бойынша қызметтік-іздестіру иттерін тарта отырып тінту жүргізілген болатын. Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір қатысушысы есірткіні буып-түю, сақтау, тасымалдау немесе тарату, топтың ақшалай кірістері мен шығындарын бақылау сияқты нақты рөлдерді орындағаны дәлелденді. Осылайша, қылмыскерлердің бірі қылмыстық бизнеспен қамтылған қалалар бойынша есірткінің аса ірі партияларын сақтауға және тасымалдауға жауапты болды. Ал екіншісі қаржылық кірістер мен шығындарды бақылау үшін топтың мүшелеріне “жалақы” төлеумен, “жоғалған” есірткілер үшін айыппұлдар салумен айналысқан. Қылмыстық топ мүшелерінің бірі есірткі сатылатын интернет-арналардың жұмысын қамтамасыз еткен. Сондай-ақ ол жаңа клиенттерді белсенді түрде тартумен айналысып, онлайн-конкурстар, ұтыс ойындары мен акциялар өткізген. Топ мүшелерінің бірі кәмелетке толмаған колледждің екінші курс студенті екенін айта кеткен жөн. Заңсыз айналымнан үш килограмм есірткі тәркіленді. Қылмыстық іске заттай дәлел ретінде ұлттық және шетел валютасындағы қаражат, қылмыстық әркетте пайдаланылған ұялы телефондар, ноутбуктер, сим-карталар қоса тіркелді. Есірткі сататын үш интернет-дүкеннің жұмысы тоқтатылды», – деп жазды Polisia.kz

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі