jasqazaq.kz

Есірткі өндірумен айналысқан 22 жастағы қыз ұсталды (Видео)

16 сәуiр 2024, 14:43

Жетісу облыстық полициясы мен ұлттық қауіпсіздік департаменті облыстық прокуратураның келісімімен синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхананы жою бойынша бірлескен арнайы операция жүргізді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Алматы облысы Іле ауданындағы саяжайда синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 22 жастағы алматылық қызды анықтады.

“Жауап алу кезінде қыздың Telegram арнасы арқылы жоғары жалақы алатын жұмысқа орналасқаны белгілі болды. Саяжайды тінту кезінде 44 келіге жуық мефедрон мен 2 келіге жуық синтетикалық «пирролидиновалерофенон – альфа-ПВП», реагенттер мен есірткі заттарын өндіруге қажетті заттар, сондай-ақ 28 000 доллар (12 миллион теңге) ақша табылып, тәркіленді”, – деп мәлімдеді Жетісу облыстық полиция басқармасының бастығы Сарқытбай Құсайынов.

Тәртіп сақшылары 45 келіден астам синтетикалық есірткіні тәркіледі, бұл 90 мың бір реттік дозаға тең. Дәрілердің құрамы тиісті сараптама арқылы расталды. Есірткі заттарды заңсыз дайындау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, есірткі Қазақстанда сатуға арналған.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі