jasqazaq.kz

Есірткі өндірісін жолға қойған ерлі-зайыптылар ұсталды (Видео)

16 қантар 2024, 9:46

Алматы облысының «Казцик» ауылында синтетикалық есірткі өндіретін ірі зертхана жойылды.

Polisia.kz хабарлағандай, есірткі өндірісін Алматыдан келген ерлі-зайыптылар ұйымдастырған. Сол үшін олар үй сатып алып, оның жанына зертханаға арнайы жабдықталған үй-жай салған. Зертханада химиялық реакцияларға арналған агрегаттар, өндірістік сірінді және алынған есірткіні кептіру cөрелері орнатылған, қабырғалар жылуоқшаулау материалдарымен қапталған.
«Ерлі-зайыптылардың қылмыстық әрекетінің дәлелі ретінде зертханалық реактор, 100 кг синтезделген есірткілік ұнтақ
және есірткіні өндіруге арналған 800 литрден астам прекурсор тәркіленді. Сөйтіп еліміздің қалаларына көшелеріне бағасы 7 млрд теңге болатын, қатты әсер ететін синтетикалық есірткінің 550 мыңға жуық дозасы жіберілмеді. Топ құрамында аса ірі көлемде есірткі өндіргені үшін ұсталғандарға мүлкін тәркілей отырып, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

JQ- Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі