jasqazaq.kz

Есірткі контрабандасын ұйымдастырған Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды

29 тамыз 2024, 10:24

Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан азаматын аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім еткендей, өткен жылдың маусым айында ол адамдар тобында алдын ала сөз байласып, бірнеше мемлекеттің аумағы арқылы салмағы 60 кг-ға жуық героин мен салмағы 10 кг-нан асатын гашиш контрабандасын ұйымдастырды.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.
«Өткен жылдың тамыз айында ол Мәскеуде ұсталды. Содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.
Айыпталып отырған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі