jasqazaq.kz

Есірткі бизнесі: ҰҚК бір айда 18 арнайы операция жүргізді

30 қараша 2023, 14:49


2023 жылдың қараша айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша 18 операция жүргізді. Ведомствоның мәліметінше, есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен топтың 27 мүшесі ұсталды.

«Халықаралық ынтымақтастық аясында Қырғыз Республикасының арнайы қызметтерімен бірлесіп, Алматы қаласынан Бішкек қаласына 10 кг мефедронның контрабанда арнасы бейтараптандырылды. Алматы өңірінде психотроптық заттарды өндіру бойынша 2 ірі жасырын зертхананың және елордада кокаин сатуға мамандандырылған 1 топтың қызметі тоқтатылды.»,- делінген ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сонымен қатар, Павлодар және Семей қалаларында «дизайнерлік» деп аталатын есірткіні жеткізудің өңірлік арнасы жойылып, құрамында есірткі заттары бар 500 гашиш майы капсуласы мен вейп-темекілер табылды.
«Жалпы заңсыз айналымнан «синтетика» өндіруге арналған 150 кг-нан астам есірткі және 150 кг химиялық прекурсорлар тәркіленді.»- дейді ҰҚК баспасөз қызметі. Есірткі бизнесіне қарсы іс-шаралар жалғасуда.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі