jasqazaq.kz

Есікті жауып, жарықты сөндіріп…

04 желтоқсан 2020, 11:40

«Сенген серкем сен болсаң, күйсегеніңді ұрайын»… Қазақта осындай бір мәтел бар. Қой туралы емес екенін өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыздар. Бүгін бұл тойға қатысты айтылады.

Тойға тыйым салғалы жарты жылдан асты. Бірақ күн сайын әр ауылда, әр қалада бір емес, бірнеше той өтіп тұрады. Оны жұрт жақсы біледі. Күні кеше ғана Алматыда әйдік мейрамханада дүбірлеген той өтіпті. Қуаныштың ортасында тексерушілер келген көрінеді. Тойда болғандардың айтуынша, қуаныш иесі әлгі тексерушілерге 500 мың теңге беріп, жолға салыпты. Әрине, бұл ресми ақпарат емес. Алайда Мәжіліс депутаты Азат Перуашев қоғамда мұндай көзжұмбайлықтың бар екенін жайып салды. Оның айтуынша, карантин талабының сақталуын қадағалайтын мониторинг тобы кәсіпкерлерден ақша бопсалаған. Ауызбастырықтың бір апталық құны – 50 мың теңге. Депутат жемқорлықпен күрес агенттігіне мониторингтік бақылау топтарының ізіне түсіп, тексеруді талап етіп отыр.

Азат Перуашев «Өңірлердегі кәсіпкерлердің хабарлауынша, шенеуніктердің туған-туыстарына тиесілі мейрамхана мен клубтарды тексергенде, мониторинг топтары айналып өтеді. Таныстық, туыстықтың арқасында карантин шектеуіне қарамастан, жұмыс істеп жатқандар жетерлік», – дейді. Міне, біздің әңгіме басында келтірген мысалымызға дәлел. Алдыңғы есігін жауып, көше жақтағы шамын сөндіріп, есік-терезесін қымтап, қонақты артқы есіктен кіргізіп, дүркіретіп той өткізіп жатқан мейрамханалар көп. Оның қайсыбірін тізе береміз?

Перуашевтың айтуынша, өңірлердегі шектеу шараларының сақталуын тексеретін мониторинг топтарының жетекшілері кәсіпкерлерді миллиондаған айыппұлмен қорқытып-үркітіп, ақша бопсалауды кәдімгі кәсіпке айналдырып алған. Бір жағынан бұл кәсіпкерлерге де тиімді сияқты. Карантин талабын бұзғаны үшін 2-3 миллион теңге айыппұл төлегенше, тексерушілер сұраған 50 мың теңгені беріп құтылу – кімге болса да жеңіл жол. Перуашевтың есебіне сенсек, тексерушілер айына 100 миллион теңгені қалтаға басып отырған көрінеді. Сондықтан ол айыппұлдың көлемін 50 пайызға қысқартуды талап етті. Оған қоса, кезекті локдаун енгізілсе, бизнестің жұмысына рұқсат беру керек дегенді айтты.

Атам қазақ «Ет бұзылса тұз себесің, тұз бұзылса не себесің?» деген. Тойханадан «тойып» жүрген тексерушілер тура соның керін келтіріп тұр.

Жарас ШӨКЕ

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл