jasqazaq.kz

Есікте қызды жабылып зорлады деген екі күдікті ұсталды

20 тамыз 2016, 17:39

photo_28627

Полиция Есікте қыз ұрлау және зорлау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Бұл оқиға жайлы таяуда белгілі болды. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған.

Өз кезегінде ІІД өкілдері бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеудің жүріп жатқанын хабарлады. «Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облыстық ІІД тергеушілері мен қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық төрт күдікті анықталды. Екеуі ұсталды. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қозғалды. Адам ұрлау және зорлау ісі бойынша. Күдіктілердің әрекетінде өзге де қылмыс түрі бар болуы мүмкін. Тергеу ІІД басшылығының ерекше бақылауында», — деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде