jasqazaq.kz

Ержан Сәденов Алматы облысы полиция департаментінде жедел кеңес өткізіп, жаңа басшыны таныстырды

19 қазан 2024, 12:52

Ішкі істер министрі Алматы облысы полиция департаментінің басшы құрамымен ағымдағы жылдың тоғыз айындағы жедел қызметтің қорытындысы бойынша жиын өткізді.

Polisia.kz хабарлауынша, Ішкі істер министрі Ержан Саденов жедел кеңесте жеке құрамға ПД жаңа басшысын таныстырды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық полиция департаментінің бастығы болып Мейрам Әбікеев тағайындалды. Полиция полковнигі бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының орынбасары болған.

Облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары болып Бағдат Әшімов тағайындалды.

ІІМ басшысының бұйрығымен:

– ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Шалхаров;

– Талғар аудандық полиция басқармасының бастығы Нұржан Күнтүнов;

– ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ұлан Байтақов; – ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;

– ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр және оның орынбасары Жанат Омаров лауазымдарынан босатылды.

Жедел кеңестің қорытындысы бойынша министр өңірдегі құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. ІІМ басшысы Талғар ауданында кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатқан жедел-тергеу тобын жеке тыңдады. Бұл бойынша нақты тапсырмалар берілді.

JQ-Aqparat

Сурет: Polisia.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық