jasqazaq.kz

Ержан Біржанов: Біздің қағидамыз — жазалау емес, түсіндіру

09 қантар 2024, 16:41

Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бизнес үшін салық төлеу және есеп тапсыру рәсімдерін жеңілдету туралы айтып берді:
«Бүгінде кәсіпкерлер үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Мемлекеттік мобильді қосымшалардан басқа, салық есебін банк қосымшалары арқылы да тапсыруға болады. Бұл мүмкіндіктер кәсіпкерлердің өмірін жеңілдетуде. Бухгалтерлерді жалдау және есеп жүргізу бойынша шығындарды азайтады.
Біз банктермен жұмысты әрі қарай жалғастырып, «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлестікте салық төлеушілерге осы процесті жеңілдету үшін ең төменгі талаптар қою бойынша шаралар әзірлейтін боламыз.
Біздің негізгі қағидамыз – жазалау емес, түсіндіру. Бұл біздің берік ұстанымымыз.
Салық кодексі аясында айыппұлдар мен есеп беруді азайту шараларын қарастырамыз. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлердің барлығының құқық саласындағы бір ережелер бойынша жұмыс істеуі. Бұл сондай-ақ тұтынушылардың қүқығын қорғауға бағытталған.
Вице-министрдің айтуынша, туыстар арасында мобильді аударымдарға шектеу жоқ.
«Туыстар арасында бір-біріне ақша аударымдарының сомасы бойынша ешқандай шектеу жоқ. Оны біз кәсіпкерлік деп қарамаймыз. Жаңа бақылау нысандарын енгізу аясында біз үш ай ішінде әртүрлі адамдардан түскен аударымдардың көлемін ғана қарастырамыз», — дедіэі ол.
Сондай-ақ ол мобильді аударым бойынша ұсақ кәсіпкерлер арасында жаппай рейд жасалмайтынын, оның орнына түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі