jasqazaq.kz

Ертіс өзені тағы тасуы мүмкін

27 шiлде 2016, 17:50

Павлодар өңірінде Ертіс өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр. Мамандар өзен осымен үшінші мәрте тасуы мүмкін деген пікірде, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бас маманы Динара Әліпованың айтуынша, Шүлбі гидроэлектрстанциясынан су жіберуге жауын-шашынның көп түсуі себеп болған.

«Бұған дейін Ертіске су Бұқтырма су қоймасынан жіберілген болатын. Осы жолы Шүлбіден жіберіліп жатыр. Су қоймасы Үлбі және Оба арнасының көмегімен толды», — дейді бас маман.

Айта кетейік, ШҚО-дағы су қоймаларының Жоғарғы Ертіс каскады құрамында Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі нысандары бар.

Басқарма ұсынған соңғы мәліметтерге сүйенсек, су қоймаларының жоғары каскадынан Ертіске 1 мың 500 текше метр су ағызылған. Осылайша, Павлодарда өзен суының деңгейі 6-7 сантиметрге көтерілген. Айта кетейік, су қоймасынан тәулігіне орташа есеппен 1 мың 905 текше метр су жіберіледі. Сондықтан, мамандар облыс аумағында Ертіс өзені арнасынан шығып кетуі мүмкін екенін ескертеді.

Облыстағы «Қазгидромет» РМК директорының орынбасары Серік Мұстафиннің хабарлауынша, өңірде тамыз айында жауын-шашын белгіленген нормадан артық түседі.«Павлодар облысында тамыз айы да жауын-шашынды болғалы тұр. Шілде айында жауын-шашын көлемі нормадан 1,4 есе көп түсті. Жаздың соңғы айында найзағай жарқырап, бұршақ жауады. Ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріледі», — дейді Серік Мұстафин.

Еске сала кетсек, Ертіске су жіберу жұмыстары 21 маусымда басталған.


 

bnews.kz

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата