jasqazaq.kz

Ертеңгі күніңді — бүгін ойлаған жөн…

22 ақпан 2024, 14:48

Батыр Баукең ‘Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағын ған құл болмас’ деген еді. Жетібайдағы жағдай мені де алаңдатады.

Маңғыстау облыстық сотының қаулысы жария етілген сәттен бастап шешім заңды күшіне енгенін атап өткен жөн. Заңның аты заң.Оны тек орындау керек деген ойдамын. Осыған қарамастан, бірнеше ай бойы «Westoil Software» ЖШС ереуілге шыққан қызметкерлермен татуласу және құқықтық саладағы жағдайды шешу жөнінде жан-жақты шаралар қабылдауда.

Бүгінгі таңда 94 қызметкер өз еркімен жұмысқа қайта оралды, оларға ешқандай жаза қолданылған жоқ.

Компания басшылығы бірнеше рет қызметкерлерге еңбек міндеттемелерін орындау және жұмысқа оралу туралы өтініш жасады. Бүгін «Westoil Software» ЖШС өкілдері қызметкерлерді заңсыз ереуілді тоқтатуға және бұрынғы жұмыс орындарына шығуға шақырды. Әлбетте.

Сонымен қатар, күн сайын өсіп келе жатқан шығындарға, сондай-ақ Тапсырыс берушінің талаптарына байланысты басшылық ереуілге қатысушыларға компанияның қаржылық жағдайы сын көтермейтіндігін және ағымдағы жылдың 24 ақпанынан кейін қызметкерлердің жұмысқа шығуын күту мүмкін еместігін хабарлады.

Жұмысқа қайта оралып, өздерінің басты міндеттемелерін атқаруға шешім қабылдаған қызметкерлерге ешқандай жаза қолданылмайтынына ерекше назар аударылды. Сондықтан да ертеңгі күніңді бүгін ойлаған дұрыс деп ойлаймын.

Аллаберген Қонарбаев,
Facebook парақшасынан

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі