jasqazaq.kz

Ертай Нүсіпжанов: «Қолда бар алтынның қадірін білмейміз»

30 сәуiр 2017, 15:17

Белгілі журналист қазақстандықтардың «қолда бар алтынның қадірін білмейтінін» сөз етті. Мұнымен қатар, отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың «I am a singer» іріктеуінен қалай өткенін айтып берді.

 

Ертай Нүсіпжанов отандасымыз Димаш Құдайбергеновтың шетелдік жобаға қалай таңдалғаны туралы айтып берді. Журналист оны бағдарлама ұйымдастырушыларына «Қазақстанның ең танымал әншісі» деп таныстырған екен.

«Жобасының ұйымдастырушыларына Димаш туралы материалдар ұсынғанымда, оны еліміздің ең танымал әншісі деп таныстырған едім. Кейін жобада солай деп хабарланды. Ал шын мәнісінде біз ол кезде Димашты қазіргідей «бағаламайтын» едік. Ол әрі ең танымал әнші емес те еді! Тіпті қазір Димаштың айналасында қызмет етіп жүрген көптеген қандас бауырларымыз да менен: «Ол қай әнші еді?» – деп сұрайтын. Көрсетсем, білмейтін! Турасын айтсақ, Димашты қытай емес қазақтар толық танымайтынбыз. Димаштың бірде маған: «Ертай аға, мен «Славян базарынан» кейін елге біраз танылып едім, қазір қайта «құлдырап» барамын. Осы жобаға қатыссам тамаша болушы еді…» дегені де өте көп нәрсені аңғартады…» – дейді Ертай Нүсіпжанов.

Мұнымен қатар, журналист қазақстандықтардың «қолда бар алтынның қадірін білмейтінін» меңзеді. Димашты шетелдік жобаға қатысқаннан кейін ғана бағалана бастағанын сөз етті.

«Ал қазір жағдай мүлдем басқаша… Өз арамызда ән салып жүрген қазақтың ұлын бұрын-соңды атын естіп, әнін тыңдап көрмеген – жат қытай аз уақытта-ақ жарқыратып, әлемге танымал етіп беріп еді, бәріміз оған жапа-тармағай «жабыстық». Керек десеңіз Димашты қытай көрермендерінің қуанышты эмоциясы арқылы бағалай бастаған қазақтарды да көрдік. Біреулер тіпті бұл оқиғадан кейін, әнін сүйіп тыңдап келген қазақ эстрадасындағы барлық әншілерді даттап, бәріне бірдей «топырақ шаша салды». Сонда қалай?! Біз Димаштың талантын енді ғана байқап жүрміз бе? Әлде «қолда тұрған алтындарымыздың қадіріне» жету үшін ол алдымен жат елде танылып келуі тиіс пе?! Әрине жоқ! Бұл біздің адамды талантына қарай бағалаудан гөрі танымал болғаны үшін ерекше құрметтейтінімізді байқатады. Бұл, қазақ өнерінің жетілуі жолындағы басты бөгеттердің бірі. Бағасын білсек, айналамызда жүр ғой талай таланттар…» – дейді ол.

Журналистің бұл сөздерін желі қолданушылары да қоштай түсті. «Димаштың өз аузынан да, маңайында жүргендерден де “Осы байқауға қатысуға басты себепкер болған адам – ол Ертай Нүсіпжанов” дегенді естігім келеді! Бұл сөзді Димаштың әкесі Қанат Құдайбергенов қана бір рет айтып қалды. Қандай жеңіс болса да – соған қадам басқан жолды ұмытпауымыз керек деген ой санамда тұрады», «Әр нәрсеге бір себеп бар. Димаштың осылай танылуына бірінші алла, екінші Ертай бауырым өзің, үшінші өзінің таланты себеп, ия, айналамызда таланттылар жетеді, мүмкін Димаштан да мықтылар бары сөзсіз. Аллам осындай ұлтымызды дүние жүзіне паш ететін ұл-қыздарымыз көп болсы! Сіз сияқты азамат жігіттер себепкер болып жүре берсін. Бағдагүл Балаубаева апайымыз дұрыс айтады. Димаштың өзі осы байқауға қатысуына сіздің еңбегіңіздің ұшан-теңіз екенін жариялау қажет. Өйткені көп ел білмейді», «Ертай, еңбегіңіз жемісті болсын әрқашан» дейді олар. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде